Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Павлодарда бүгін жол жабылады - фейк

2020 жылдың 26 наурыз 2020 08:01

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Белгісіз біреу WhatsApp-та 26 наурыз таңғы сағат 8-ден бастап Павлодар қаласының жабылатыны туралы ақпарат таратқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті бұл мәліметтің жалған екенін айтты.

Қазіргі кезде облыстық полиция департаменті төтенше жағдай кезінде қасақана жалған ақпарат тарату оқиғасы бойынша (ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы) тергеу амалдарын бастады.

Сондай-ақ, желіде дыбыстық хабарламаны жазып, таратқан адамның тұлғасын анықтауға бағытталған іздеу шаралары жүргізілуде.

Полиция департаменті тұрғындарға төтенше жағдай кезінде жасалған осындай әрекет үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасын бар екендігін ескертеді.

Осындай фактілерді анықтау үшін, полицейлер күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп отыр.


Жоғары қарай