Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлерін өз пәтеріне қамап кеткен

2019 жылдың 2 мамыр 2019 22:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлерін өз пәтеріне қамап кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлады.

- 28 сәуірде ер адам жұбайының жағдайы нашар екенін айтып, жедел жәрдем шақыртқан. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Дәрігерлер оқиға орнына келген кезде ер адам пәтерден шығып, оларды әйелімен бірге жауып тастаған. Кейін ол облыстық жедел жәрдем станциясының ғимаратына барып, медицина қызметкерлерін көп күткенін мәлімдеген. Ер адамға медицина қызметкерлерін ұстауы заңсыз екенін айтқан кезде ғана ол жұбайына қоңырау шалып, медицина қызметкерлерін шығарып жіберуін сұраған, - деді баспасөз қызметінде.

Дәрігерлер аталмыш жағдай бойынша полицияға жүгініп, бұзақылыққа қарсы әкімшілік іс қозғалды. Сот 30 сәуірде өтіп, құқық бұзушыға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Алайда ол өзін кінәлі деп санамайтын көрінеді, себебі денсаулық сақтау басқармасына дәрігерлердің дөрекелігі жөнінде шағым түсірген.

Осы жағдайдан кейін сол мекенжайдан жедел жәрдемге екі рет қоңырау түскен. Біріншісінде әйел адамда күйзелістен кейінгі синдром болса, екінші жағдайда ұрып-соғу анықталды. Дегенмен, зардап шеккен адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

Жоғары қарай