Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 377.86
EUR 418.74
RUB 6.10
CNY 54.50

Павлодарда көпқабатты үйдің ауласында ер адамды атып өлтірген күдікті іздестірілуде

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 03:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодарда белгісіз біреу көпқабатты үйдің ауласында ер адамды атып өлтірген. Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жария етілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жексенбі күні @kоlesa_pavlodarа және @tipavlo.dar пабликтері қайғылы оқиға болған орынның фотосуреттерін өз парақшаларында жария етті. Полиция аталмыш фактіні растағанымен, әзірше оқиғаның мән-жайлары туралы ақпарат таратпауда.

Тексерілмеген мәліметтер бойынша, «Естай, 134/1» мекенжайындағы көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамды атып өлтірген.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар тұлғаны анықтап, ұстау жөніндегі жұмыстар қолға алынды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.

Полицейлердің айтуларынша, оқиға туралы ақпарат Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүдделерін қорғау мақсатында жарияланбауда.

Жоғары қарай