Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Павлодарда мүгедектік тобын берудің еуропалық нұсқасын енгізу ұсынылды

2020 жылдың 14 қаңтар 2020 04:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұсыныс Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркинаның «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылған жеке қабылдауында түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Nur Otan партиясы облыстық филиалында өткен азаматтарды қабылдау кезінде «Алтын бата» қоғамдық қорының құрылтайшысы Евгения Стельвага халық қалаулысына сұрақ қойды.

«Қазір 16 жастан асқан «Даун синдромы», «Аутизм», «Шизофрения», «Ақыл-ой кемістігі» және басқа да ментальдық бұзылушығы бар мүмкіндігі шектеулі балаларға екінші немесе үшінші мүгедектік тобы беріледі, - дейді Евгения Стельвага. - Бірақ 16 жастан кейін, тіпті, 18 жастан кейін де бұл ересек балалар қараусыз жүре алмайды. Оларды үйде қалдырып, жұмысқа шыға алмайсың. Өйткені, бұл қауіпсіз емес. Сондықтан мұндай балалардың мүгедектік тобы бірінші болуы керек. Мысалы, бірінші топтағы мүгедектігі бар, бірақ жүрмейтін ақыл-ойы сақталған баланың анасы жұмыс таба алады немесе үйден үш сағатқа шығып келу мүмкіндігі бар. Ал, психиатриялық диагнозы бар баланың анасында мұндай мүмкіндік жоқ. Сондықтан заңнамаға өзгерістер енгізу және мүгедектік тобын беру стандарттарын қайта қарау мүмкіндігін қарастыруды сұраймын».

Сондай-ақ, спикер мүгедектікті берудің еуропалық нұсқасын қарастыруды ұсынды. Яғни, психикалық ауруы бар ересек мүгедек үнемі бақылауды қажет етеді деп саналады. Ата-аналар науқасты күтіп, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ болғандықтан өтемақы алады.

«Зейнетақы жүйесі заңнамасын қайта қарау қажет деп ойлаймын, - дейді Евгения Стельвага. - Қазір мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары бәрімен бірдей 63 жаста зейнетке шығады. Бірақ «ерекше» балалардың ата-аналары қарапайым аналардан аз өмір сүреді. Егер көрші елдердің тәжірибесіне қарайтын болсақ, мысалы, Ресейде мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар зейнетке 50 жаста шығады. Менің ойымша, бұл санаттағы адамдардың зейнет жасын азайту әділ болар еді».

Оған қоса, «Алтын бата» қорының аутист балалар мен мен ментальдық ауытқулары бар балаларға арналған оңалту орталығының директоры мәжілісмендерден өңірлерде орналасқан ерекше балаларға арналған орталықтарға көбірек көңіл бөлуді сұрады.

Жоғары қарай