Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Павлодарда оқушының басына сүңгі құлап, ауруханаға түсті

2019 жылдың 6 наурыз 2019 20:06 1058

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда 16 жастағы жасөспірімнің басына шатырдан жарты метрлік сүңгі құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға Короленко көшесі, 355-үйдің жанында болған. Бала мектепке бара жатқан, сол кезде басына мұз кесегі түскен», - деді Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Жедел жәрдемге баланың жарақаты туралы хабар 13:25-те түскен.

«Бала 2003 жылы туған. Бассүйек-ми жарақатының жабық түрі, бас миының шайқалуы, төбе сүйегінің зақымдануы диагноздары қойылды. Қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Элмира Темірғалиева.

Дәрігерлердің айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мамандары шұғыл түрде отырыс өткізген. Оған баланың анасы да қатысты.

 

Авторы: Антон Гагарин

 

 

Басты сөздер: Аймақ, Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай