Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Павлодарда жолдар мен аулаларды жөндеу жұмыстары басталды

2019 жылдың 30 наурыз 2019 22:43

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының жолдары мен жол бойындағы таңбаларды қалпына келтіру үшін қалалық бюджеттен 110 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қаладағы азаматтардың өтініштерін бақылау және тіркеу нәтижесінде 19 мың шаршы метрге жуық автокөлік жолдарын қалпына келтіру қажеттігі анықталды. Қазіргі уақытта «Жолқұрылыс» ЖШС мердігер ұйымы жұмысын бастап кетті», - деп хабарлады бүгін журналситерге Павлодар қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Олжас Баймақов.

«ТКШ бөлімі «Жылу жүйелері» ЖШС мен «Қалалық су арнасы» ЖШС-ға қазба жұмыстары аяқталғаннан кейін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізу туралы хат жолдады», - деді қала әкімдігінің өкілдері.


Авторы Антон Гагарин

Басты сөздер: Аймақ, Павлодар облысы,
Жоғары қарай