Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Павлодардағы зауытта арба астында қалған электрші қаза тапты

2019 жылдың 3 наурыз 2019 18:25 1002

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы кәсіпорында электршіні арба басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Қайғылы жағдай 3 наурыз күні «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да болды.

Алюминий электролизі цехының корпусында РТМ-1 кранын  орнықтырып жатқан кезде алтыншы разрядтағы электршіні құрал-сайман таситын арба басып кетті»,- деп хабарлады бүгін журналистерге зауыттың баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген «жедел жәрдем» дәрігері қанша әрекет жасағанымен жұмысшыны ажалдан аман алып қала алмады.

Қайғылы  жағдайға байланысты тергеу жүріп жатыр.

 

 

Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай