Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Павлодарлық музыканттар Түркияда өткен байқауда жеңіске жетті

2019 жылдың 10 қазан 2019 15:41

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 5-14 қазан аралығында Түркияның Алания қаласында І халықаралық «Global Art Competition» музыка байқауы аясында ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «HAKIM ABAY» атты концерттік-танымдық кеш өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, шараға Нұр-Сұлтан қаласы Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов және Дина Мейірманова, Дмитрий Ковалев сынды белгілі музыканттар қатысуда.

Сондай-ақ, Павлодар «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің директоры Серік Сыздықов, ұстаздары Яна Касьян, Сәуле Мусипова, Марго Колаян және «Каприччио» скрипкашылар ансамблі барған.

- Бір жарым сағаттық концерт жоғары деңгейде өтті және кеш қонақтарға ұмытылмас әсер қалдырды, - дейді Серік Сыздықов. - Байқауда Түркия, Грузия, Қазақстан мемлекеттерінен 40 шақты үміткер бақ сынауда. Олардың басым бөлігі, яғни 16 үміткер Павлодар музыкалық кешенінен екенін атап өткен жөн. Музыкалық байқау – «Павлодар қаласындағы мәдениетті қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі Яна Касянның түркиялық әріптестерімен бірлесіп жасаған жобасы.

Өнер иелері фортепиано, скрипка, халық аспаптары, вокал номинациялары бойынша бақ сынады.

Алғашқы бөлімнің қорытындысы бойынша музыкалық колледждің студенттері мен оқушылары Жанерке Маукенова, Айғаным Кенжеш, Анель Данияр, Дана Ыбыраева, Дильназ Жанкүшікова және Сергей Фатеев 1 орынды иеленді. Бас жүлдені Әдина Букаева жеңіп алды. Сондай-ақ, Назымгүл Шапағатова, Әсел Қожан, Маия Бощаева, Назерке Достова, Айгерім Бауыржанов, Малика Әбішева, Лиана Хван, Аружан Балғабаева жүлдегер атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.

Жоғары қарай