Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Павлодарлық полицейлер рейстік автобус жүргізушілеріне шәй мен бауырсақ таратуда

2019 жылдың 13 қазан 2019 21:11

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарлық полицейлер көлік жүргізушілеріне жол апаттарының бірден-бір себебі – шаршаумен күресуге қол ұшын созуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Аталмыш шара аясында тәртіп сақшылары жолдарда автобус жүргізушілерін тоқтатып, бауырсақ пен хош иісті шәй ұсынып жатыр. Дегенмен, жол жүру ережесін бұзғандарға полицейлер әкімшілік хаттамалар да толтыруда», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицейлердің айтуынша, облыс аумағында «Автобус» республикалық жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Акция мақсаты жүргізушілерге тамақ ұсыну ғана емес, сондай-ақ жол жүру ережелерін сақтауды, жолаушылармен әдепті болуды, рөлде қырағылықты жоғалтпай, трассада өзара сыйластықты сақтауды еске түсіру.

Полиция «Павлодар-Қызылорда» тасжолын кездейсоқ таңдаған жоқ. Жол апаттарының басым көпшілігі дәл осы жолда болады. Жыл басынан бері республикалық маңызы бар жолдарда 75 көлік апаты тіркелген. Салдарынан 16 адам көз жұмып, 178 адам зардап шекті.

Басты сөздер: Павлодар облысы, Аймақ,
Жоғары қарай