Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Павлодарлықтар республикалық педагогикалық бастамалар байқауынан жүлделі оралды

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 18:41 666

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Алматы қаласында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласы білім беру бөлімі мәлім етті.

«Байқауға Павлодар қаласы мектептерінің 13 педагогы облыс деңгейінде тәжірибе жинақтап, ұсынды. Жарыс әр түрлі пән салалары мен қосымша білім беруді біріктірген бес бағыт бойынша өтті.  Біздің мұғалімдер екі 1-орын, бір 2-орын және екі фестиваль номинанттары жүлдесін жеңіп алды», - дейді білім беру бөлімінде.

«Психолог сандықшасы» бағытында  №40 жалпы орта білім беру мектебінің психологы Қымбат Матай конкурс жеңімпазы атанды. Қолы шебер педагогтарға арналған жеке бағытта жеңімпаз №21 жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ольга Рауш болса, №40 жалпы орта білім беру мектебінің математика мұғалімі Алина Бастенова 2-орын иеленді.

Аталмыш бағытта №29 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсана Сейтқалиева және №22 жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Баядилова байқау номинанттары атанды. 

 

Басты сөздер: Павлодар облысы, Білім,
Жоғары қарай