Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Педагогтардың этикаға сай емес әрекетін БҒМ-ға Telegram арқылы хабарлауға болады

2019 жылдың 13 наурыз 2019 18:55 817

АСТАНА. ҚазАқпарат - Негативті интернет-контентті анықтау және зардап шеккен балаларға дер кезінде көмек көрсету, педагогтардың этикаға сай емес іс-әрекет фактілерін жеткізу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі Telegram мессенджерінде «Балаларды бірге қорғайық» чатын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жасөспірімдердің төбелесі мен педагогтардың этикаға сай емес іс-әрекеті бар бейнежазбалардың әлеуметтік желілерде таралғаны жұртшылықты алаңдатып отыр. Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті негативті интернет-контентті анықтау, сондай-ақ, оның одан әрі таралуының алдын алу және зардап шеккен балаларға дер кезінде көмек көрсету бойынша шаралар қабылдау мақсатында «Балаларды бірге қорғайық» Телеграм чатын құрды. Киберқауіпсіздікті белсенді түрде қадағалау, ата-аналармен, балалармен сенімді қарым-қатынас орнату олардың өмірінде кездесетін қайғылы оқиғалардың алдын алуға септігін тигізеді», -делінген хабарламада.

Аталған чатқа педагогтар, психологтар, білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық, аудандық және қалалық білім беру органдарының өкілдері, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері енген.

«Бүгінде әлеуметтік желі бәріне қолжетімді, онда жасөспірімдер қорқыту (буллинг), бопсалау секілді келеңсіз жайтқа тап болып жатады.

Педагогтар мен ата-аналар байқап қалған негативті контенті аталмыш топқа салады. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мамандары өз кезегінде уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, зардап шеккен балаларға көмек көрсету және негативті контенттің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында жедел шараларды қолға алады», делінген хабарламада.

 

 

 

Жоғары қарай