Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Пернетақта келмеске кетеді – Die Welt

2019 жылдың 13 қазан 2019 05:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұзақ уақыт бойы адамзат мәтінді компьютер пернетақтасы арқылы жылдам терді. Бұл жолмен біз минутына 52 сөз жаза аламыз. Дегенмен, ірі халықаралық зерттеу көрсеткендей, бұл дәуір де келмеске кетуі мүмкін», деп жазады Die Welt.

«Кембридж университетінің және Финляндиядағы Аалто университетінің IT-мамандары 160 мемлекеттен 37 мың адамға мәтін теруді үйреткен. Ғалымдар зерттеуге қатысушылардың мәтінді телефонда теру жылдамдығын анықтаған», деп жазады автор.

«Қатысушылар телефонда минутына 38 сөз жазған. Бұл мобильді телефондағы мәтін теру жылдамдығының арту тенденциясын көрсетеді. Зерттеуге қатысушы жастар телефонда минутына 40 сөз тереді», деп жазады автор.

Оның айтуынша, зерттеуге қатысушылар күніне телефонмен 6 сағат уақыт өткізген. Бұл да мәтінді тез теруге әсер еткен фактор болуы мүмкін.

«Сонымен қатар телефонда мәтінді автоматты тексеру жүйесі де жылдамдықты арттыруға әсер етеді. Смартфонмен мәтінді компьютер пернетақтасымен бірдей жылдамдықта теру болашақты пернетақталардың келмеске кетуіне әсер етуі мүмкін», депті зертету авторлары.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай