Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 377.18
EUR 426.14
RUB 5.98
CNY 54.86

Петропавл, Павлодар және Семейдің атауын өзгерту керек пе - министрдің пікірі

2019 жылдың 28 наурыз 2019 21:30 988

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Петропавл, Павлодар және Семейдің атауын өзгертуге қатысты әлеуметтік желілерде тараған ұсыныстарға өз ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана атауының өзгертілуі - біздің халықтың тарихы мен тағдырының айтулы кезеңінде болғанын айта кеткім келеді. Сипаты мен тұрпаты өзгеріп, тәуелсіздік жылдарында құлпыра бой көтерген елдің басты қаласының атын өзгерту логикасы толығымен түсінікті. Ол туралы біршама көп айтқан да болатынбыз. Ал Петропавл, Павлодар мен Семей қалалары туралы айтар болсақ, бұл ретте, мәселеге жеке-жеке кірісу керек. Ономастика саласындағы мамандар да өз сөзін айтуы тиіс. Жалпы, «үйдің іргесі берік болсын десең - қабырғасын асықпай қала» деген сөз бар. Осы қағиданы ұстанайықшы»,- деді Дәурен Абаев.

Айта кетсек, бұдан бұрын әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ көздерінде Петропавл қаласының атауын Абылай хан, Павлодар облысының атауын Кенесары хан, Семей қаласын Әлихан Бөкейхан етіп өзгерту ұсыныстары тараған болатын. 

 

 

Жоғары қарай