Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Петропавл су қоймасына 6 миллионға жуық шабақ жіберілді

2019 жылдың 2 мамыр 2019 21:50

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл су қоймасына мемлекеттік тапсырыс негізінде 6 млн-ға жуық ақсаха тұқымдас шабақ жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Петропавл балық питомнигі» кәсіпорнының мамандары жоспар бойынша биыл жергілікті көлдерге 46 млн құртшабақтарды жіберуі қажет. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 42 млн-нан астам теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Су қоймаларын балықпен байыту жұмыстары басталып кетті. Қараша айынан бастап арнайы аппараттарда өсірілген ақсаха тұқымдас балықтың шабақтары бүгін Петропавл және Сергеев су қоймаларына жіберілді.


null

Мамандардың айтуынша, шабақтар жарты жыл бойы инкубациялық цехта жетілді. Олар өліп қалмауы үшін цехтың іші 1 градус жылы, судың температурасы + 6-7 градустан төмендемеуі тиіс. Өсірілген шабақтар су қоймаларына полиэтилен пакеттермен жеткізіледі. Осы жолы Петропавл су қоймасына қапшықтың 59-ы әзірленді. Әрқайсысында шамамен 100 мың құртшабақ бар.

«Бүгін біздің кәсіпорын мемлекеттік тапсырыс бойынша су қоймаларын балықтандыра бастады. Биыл жоспар бойынша ақсаха балығының 46 млн 282 мың құртшабағын екі су қоймасына жіберуіміз керек. Бүгін Петропавл су қоймасына 5 млн 900 мыңын жіберсек, қалғанын Сергеев су қоймасына апарамыз», - дейді «Петропавл балық питомнигі» РМҚК директоры Ержан Жұмабаев.

Ал күз мезгілінде көлдерге тұқы балығының 1 млн 66 мың шабағын жіберу жоспарланған.


null

Жоғары қарай