Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Петропавл тұрғынынан 70 кг марихуана тәркіленді

2019 жылдың 10 наурыз 2019 18:28

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Арлан» арнаулы жасағымен бірге арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, рейд кезінде Петропавлдың 37 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол тарату мақсатымен ерекше ірі мөлшерде есірткі заттарын сатып алды деген күдікке іліккен. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 70 килограмнан асады.

«Күдікті қазір қамауда, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-ші «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр», - дейді полицейлер.

Осы бапқа сәйкес, оған 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын берілуі мүмкін.

Жыл басынан бері облыста есірткімен байланысты 53 заң бұзушылық ісі ашылған. Жалпы 71 кг есірткі тәркіленген, соның 60 грамнан астамы - героин.

Авторы: Олеся Жуковень

Жоғары қарай