Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Петропавлда бес қабатты үй өртенді

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 19:07

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бес қабатты үйден өрт шығып, тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесі, 109 мекенжайындағы бес қабатты үйден өрттің шыққаны жөнінде хабар «101» нөміріне 12.33 минутта кеп түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы 2 бөлмелі пәтердің жалындап жатқанын көреді. Подъездің жоғары қабатындағы баспаналар қалың түтінге оранып үлгеріпті. Өрт сөндірушілер жалынмен алыса жүріп, 20 тұрғынды, соның ішінде 4 баланы қауіпсіз жерге шығарды.

Мамандардың айтуынша, өрт жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта толықтай сөндірілді. Көрші пәтерлер зардап шеккен жоқ. Жалынды ауыздықтауға 3 арнайы техника мен 16 адам жұмылдырылды.

Өрттің салдарынан ас бөлмесіндегі жиһаз жанып кетті, сондай-ақ пәтер ыстан зардап шекті. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі және келген шығын мөлшері анықталып жатыр.


Жоғары қарай