Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Петропавлда бірнеше күн бұрын жоғалған 5 жасар бала табылды

2019 жылдың 17 наурыз 2019 18:25

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, балдырғанды 7-11 наурыз аралығында полицейлер, волонтерлар, Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері іздестірген.

Ұл бала қала маңындағы Қызылжар ауданының Бескөл ауылында тұрады. Оның фотосы Петропавл қаласының, қала маңындағы елді мекендердің әр жеріне жабыстырылған болатын. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі пабликтерге орналастырылды.

«Такси жүргізушісі қоңырау шалып, баланы көргенін айтты. Ол дін аман. Бала ата-анасына тапсырылды», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Полицейлер іздестіру жұмыстарына қатысқандардың баршасына алғыс білдірді.

Жоғары қарай