Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Петропавлда демалыс орнына барған атасы мен жиені суға кетті

2019 жылдың 16 шілде 2019 15:55 233

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы демалыс орындарының біріне демалуға барған атасы мен жиені суға кетіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солт.стік Қазақстан облысы Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, оқиға кеше Петропавлдың маңындағы Омбы тас жолы бойында орналасқан «Простоквашина» демалыс орнында болды. Демалуға келген атасы мен жиені сол жердегі қолдан жасалған су қоймасына шомылмақ болып суға батып кеткен.

Құтқарушылардың айтуынша, аталмыш су қоймасы шомылу үшін арнайы жабдықталмаған. Әрі оқыс оқиғаға қауіпсіздік ережесін сақтамау да себепші болған.

Жедел-құтқару отрядының қызметкерлері қаза тапқандардың денелерін екінші күні таңертең судан алып шықты.

Жоғары қарай