Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Петропавлда ер адам 4-қабаттың терезесіне шыққан сәбиді құтқарды

2019 жылдың 18 шілде 2019 19:02

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қала тұрғыны көп қабатты үйдің терезесінде тұрған екі жасар сәбиді аман-есен түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға Петропавл қаласы Шухов көшесіндегі бес қабатты үйлердің бірінде болған. Екі жасар нәресте төртінші қабаттың терезесінен құлап кете жаздады. 46 жастағы қала тұрғыны Дмитрий Зайцев бесінші қабаттың балконынан төмен түсіп, пәтерге кіріп, сәбиді терезеден түсіріп алды.

«Даладан айқай-шуды естідім. Ауладағы адамдар ашық терезеде тұрған баланы көріп, қай пәтер екенін анықтай алмай жатыр екен. Көп ойлануға уақыт болмады. Бесінші қабаттың балконынан төмендегі балконға секірдім. Сәби келесі бөлменің терезе жақтауында тұр екен», - дейді Дмитрий Зайцев.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, балаға қарайтын әйел түнгі кезекшіліктен соң қатты ұйықтап кеткен. Қазір нәресте оқиға кезінде жұмыста болған анасына табысталды.

«Бұл оқиға қаһармандардың арамызда жүргенінің дәлелі. Олар үшін азаматтық парыз бос сөз емес», - дейді Петропавл қалалық Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов.

Жоғары қарай