Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Петропавлда есірткіні жарнамалаған бойжеткен 10 күнге қамалды

2019 жылдың 20 қазан 2019 15:28

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда психотроптық заттар мен есірткі тарататын сайттарды жарнамалаған 18 жастағы қыз жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының ақпаратына сүйенсек, қаланың 18 жастағы тұрғыны әкімшілік құқық бұзды деп танылып, оған 10 күнге қамау түріндегі жаза белгіленген.

Іс материалдарына қарағанда, қыркүйектің басында қыз Жұмысшылар кентіндегі ғимарат қабырғаларына қара маркермен түрлі жазулар жазған. Жазбаларда психотроптық заттар мен есірткі тарататын сайттарға сілтеме жасалған.

Соттың шешімі заңды күшіне енді, қыз әкімшілік қамауға алынды.

Авторы Олеся Жуковень

Жоғары қарай