Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Петропавлда көшеге «бомба қойған» ер адам ұсталды

2019 жылдың 12 наурыз 2019 23:16

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлда үлкен көшелердің бірінде бомба қойылғанын айтып, полицияға жалған хабар берген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«102» нөміріне белгісіз ер адам қоңырау шалып, Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы көшесінде бомба қойылғаны, оның сағат таңғы алтыда жарылатыны туралы хабар берген. Дабыл белгісі бойынша барлық жауапты қызметтер жұмылдырылды. Қызметкерлер аталмыш көшеге шығып, ешқандай жарылғыш заттың жоғын анықтады», - деп хабарлайды СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен қалалық қылмыстық полиция бөлімі күш біріктіре отырып, жалған хабар берген ер адамды ұстады. Қоңырау шалған - бұрын сотталған Петропавл қаласының тұрғыны болып шыққан.

«Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің айыбы дәлелденген жағдайда ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысында екі жыл бұрынғы қылмыс әшкереленгендгі туралы жаздық.

Жоғары қарай