Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Петропавлда өткен айтыстың бас жүлдесін Серік Құсанбаев жеңіп алды

2019 жылдың 17 наурыз 2019 23:07 1731

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  Петропавл қаласында ақын Ерік Асқаровтың 60 жылдығына орай өткен республикалық айтыста өскемендік айтыскер Серік Құсанбаев бас жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.      

Айтыста өзінің айқын қолтаңбасын қалдырып, драматургия мен поэзия әлемінде ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан Ерік Асқаровтың рухын асқақтату үшін Қызылжарда еліміздің әр бұрышынан 22 айтулы айтыскер ақын бас қосқан болатын. Айтыс сүйер қауым бұл додаға алдын ала «ретро айтыс» деп айдар тағып үлгерді. Өйткені сахнаға Е.Асқаровпен бірге айтысқан аға буын өкілдері мен бүгінде аламанның алдын бермей жүрген әйгілі ақындар қатар шыққан болатын.

Екі айналымға созылған жыр жәрмеңкесінде «Солақай сері» атанған өскемендік ақын Серік Құсанбаев бас жүлдеге ие болып, 2 000 000 теңгені қаныжағасына байлады.

«Айтыстың бірінші орыны Түркістан облысынан келген Маржан Есжановаға бұйырса, екінші орын қарағандылық Аманжол Әлтаевтың қанжығасында кетті. Үшінші орынның жүлдесін Бекарыс Шойбеков пен Мұхтар Ниязов иеленді. Серік Қалиев пен Құдайберлі Мырзабеков ынталандыру сыйлығына ие болды. Қалған қатысушылардың барлығына 200 мың теңгенің дипломы табысталды» - дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Жарқын Жұпархан.

Жерлесімізді айшықты жеңісімен құттықтау үшін телефон шалдық.

«Ерік Асқаровпен айтыс алаңында жолымыз бірнеше рет түйісті. Тіліп айтатын, тауып айтатын, талатты айтыскер еді. Жасы үлкен болғандықтан өзіме рухани аға тұтатынмын. Сондықтан, Алтайдан ат арытып, осы тойға арнайы келдім. Бірінші айналымда екі қазы «9» қойып, мүмкіндігімді төмендетіп жіберген. Ринат Зайтов сол олқылықтың орнын толтырып, өз жолын маған берді. Ақтық сында Құдайберлі Мырзабекпен жолым түйісті» - дейді ақынның өзі.

 

 

Жоғары қарай