Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Петропавлда рұқсат етілмеген жерден өтпек болған үш жүргіншіні көлік соқты

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 16:17

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда рұқсат етілмеген жерден көшені қиып өтпек болған үш жүргінші көлік қақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін, таңғы 10.30-дар шамасында болған.

Куәгерлердің айтуынша, бір қызын қолына алған, екіншісін жетектеген әйел Жамбыл көшесін қиып өтпек болған. Сол жақта келе жатқан көлік тоқтап жүргіншілерді өткізіп жібереді. Ал екінші жолақта келе жатқан көлік жүргізушісі оларды байқамай қалып, соғып кеткен.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ-2115 автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен өтіп кетпек болған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1жапа шеккен үш адам емханаға түсті. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді.


Жоғары қарай