Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Петропавлда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс белсенділері ЭкоFest өткізді

2019 жылдың 13 қыркүйек 2019 09:28

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда ЭкоFest шарасы өтіп, Есіл өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тазалық марафонының өтуіне Петропавлдағы Жастар ресурстық орталығы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті ұйытқы болды. Жауын-шашынға қарамастан жастар қолдарына қаптарын алып, 20 ықшам аудандағы Есіл өзенінің жағалауын жинауға шықты.




«Бүгін Адалдық және превенция басқармасы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда және адалдық принциптерін ұстануда бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Басқаның еңбегін құрметтеу де әдептілік, өнегелілікке жатады. Апта сайын сенбіліктерде тонналап қоқыс жиналады. Ал ол қоқыс қайдан келеді? Бұл адамгершілігі төмен адамдардың ісі дер едім», - деді Адалдық және превенция басқармасының жетекшісі Дамир Хабибулин.




Фестиваль «Қаланы бірге тазартамыз!» ұранымен өтті. Акцияға қатысушылар командаларға бөлінді. Бизнес өкілдері де шарадан шет қалмады.




«Бұл шара жастарды сенбі күні өз аулаларын қоқыстан тазартуға ынталандырады деп ойлаймын. Ал біздің шикізат қабылдайтын орындарымыз қоқыс үшін ақша төлеуге әзір», - дейді «LS Petropavlovsk» ЖШС директорының орынбасары Виктория Редькина.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, бұл күні ең көп қоқыс жинаған командаға боулинг орталыққа сертификат берілді. Жалпы белсенділер ЭкоFest барысында Есіл жағалауынан 60 қап немесе 260 келі қоқыс шығарды.








Жоғары қарай