Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Петропавлда тәртіп сақшылары балықшыны өлімнен құтқарды

2019 жылдың 25 маусым 2019 22:39 484

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда тәртіп сақшылары Есіл өзенінде балық аулап жүріп, бөгеттің иіріміне құлай жаздаған балықшыны құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл тұрғыны түнде Есіл өзенінде балық аулаймын деп жүріп, өмірімен қоштаса  жаздады. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 жасар жігіт қайықта ұйықтап қалған. Таңғы 5.00-ке таман 19-ықшамауданда балықшылар ішінде қимылсыз адамы бар қалқыған қайықты байқап, «102» нөміріне қоңырау шалады. Қатты ағыспен қалқыған қайық бөгетті бетке алыпты.

Оқиға орнына жақын маңда кезекшілік етіп жүрген полицейлер Мейірбек Мейрам мен Талғат Іңкәров жетеді. Қайықтың бөгетке жетуге 400 метрдей ғана қалғанын көрген Мейірбек көмекке ұмтылады.

«Ол менің жанымнан жүзіп өтіп, бөгетке жақындап қалды. Бірден орталыққа жағдайды баяндадым, киімімді шешіп, тапаншаны қасымдағы әріптесіме тапсырдым да суға түстім. Балықшы бөгеттің иіріміне құлаған жағдайда аман қалуы неғайбыл еді. Сол себепті тез қимылдауға тура келді», - дейді Петропавл қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкері Мейірбек Мейрам.

Балықшы оянып жағдайды бағдарлағанша, полиция сержанты ескекпен есе отырып қайықты жағаға алып шықты.

Мейірбек Мейрам 23 жаста. Қарағанды қаласының тумасы. Петропавл қаласында құрылыс-экономикалық колледжде білім алған, 2016 жылы полицияға қызметке орналасқан екен. Бүгінде ол өз ісімен дұрыс шешім қабылдағанын дәлелдеді.



null 

 

Жоғары қарай