Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Пластикалық ота жасатпақ болған төрт баланың анасы ажал құшты

2020 жылдың 21 ақпан 2020 10:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Полиция Алматыда липосакциядан қайтыс болған көпбалалы анаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл фактіні қазіргі уақытта Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы тексеруде.

«ҚР ҚК 317-бабымен іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша, медициналық қызметкерлер өз қызметіне немқұрайлы қарағандықтан және дер кезінде медициналық көмек көрсетпегеннің салдарынан адамның өлімі болуы мүмкін»,- деп хабарлайды полиция.

Бұған дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында 36 жастағы төрт баланың анасына жасалған пластикалық операция сәтсіз аяқталғаны туралы жазылған болатын.


Жоғары қарай