Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Полицейге пара ұсынған семейліктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

2020 жылдың 18 ақпан 2020 18:29

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны тәртіп сақшысына 6 мың теңге пара бермек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ВАЗ-2108» маркалы автокөлік жүргізушісі Қаржаубайұлы және Мичурин көшелерінің қиылысында маневр жасау қағидаларын бұзған. Мұны байқаған полицей оны тоқтатып, әкімшілік хаттама толтырмақ болады.

«36 жастағы ер адам патруль көлігінің ішінде полиция қызметкеріне пара ұсынған. Тәртіп сақшысы оған лауазымды тұлғаға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Алайда ол бұған құлақ аспай, алдыңғы оң жақ орындықтың астына 6 мың теңге тастаған», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгінде жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 367-бабы бойынша іс қозғалған.


Жоғары қарай