Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарды

2019 жылдың 26 наурыз 2019 20:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері темір жолдар арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінде 41 жасар әйелді өзіне-өзі қол жұмсаудан құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 25 наурызында сағат 20:30 шамасында темір жол көлігі нысандарын патрульдеу кезінде Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері темір жолдар арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің таянышынан ұстап, көпірден секіріп кетуге тырысқан әйелді байқап қалған. Көлік полицейлері оны құтқаруға әрекет жасады. Тәртіп сақшылары оның қолынан ұстай алып, көпірдің қауіпсіз жағына қарай тартып шығарды», - делінген Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Атап айтқанда, полиция бөлімінде аталған әйелге моральдық-психологиялық көмек көрсету шаралары жүргізілді.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Оқиға, Қоғам,
Жоғары қарай