Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

2019 жылдың 23 наурыз 2019 17:09 748

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полицейлер Петропавлдағы шағын аудандардың бірінің тұрғындары үшін мерекелік шаралар дайындады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Жұмысшылар кентінде ұйымдастырушылар ұлттық стильдегі киіз үй тіккен. Полиция департаменті басқармасының қызметкерлері наурыз көже, бауырсақ, палау пісірген.


Ведомствоның мәдени орталығы мерекелік бағдарлама дайындаған. Полиция департаменті әйелдер кеңесінің өкілдері саxнада ұлттық салт-дәстүрді паш етті.

«Спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, балаларға арналған ойын-сауық мерекені қыздыра түсті. Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды. Полицейлер Жұмысшылар кентіндегі көмекке мұқтаж жандар үшін жеке сыйлықтар дайындады. Осы шағын ауданда тұратын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік таратты», - деді баспасөз қызметінен.


Сондай-ақ, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері де назардан тыс қалған жоқ. Олар үшін спорттық байқаулар, сыйлықтар, мерекелік дастарxан ұйымдастырылды.


















Автор: Олеся Жуковень 

Жоғары қарай