Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Полицейлерді боқтаған павлодарлық екі күнге қамалды

2019 жылдың 18 тамыз 2019 05:25

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған қала тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Іс-материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Л. масаң күйде Усолка көшесінде, жағалауда, полиция қызметкеріне былапыт сөйлеген.

Осы әрекеті арқылы ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасады деп оған айып тағылды.

«Сот қаулысымен қала тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 2 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Қаулы заңды күшіне енді», - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Басты сөздер: Сот, Павлодар облысы,
Жоғары қарай