Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Полиция Ақтауда төбелескен жасөспірімдерді анықтады

2019 жылдың 23 мамыр 2019 19:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жуырда қатарластарын соққыға жыққан жасөспірімдердің бұзақылық әрекеттері түсірілген видео әлеуметтік желіге тараған болатын. Полиция бейнетүсірілімді тыңғылықты зерттей келе, бұзақылық әрекетке қатысушылардың кім екенін анықтады.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желіге тараған жасөспірімді өзінің құрдастары ұрып жатқаны туралы бейнематериал тексерілді. Осы іске қатыстылар анықталды. Олар - Ақтау қаласындағы колледждердің бірінің бірінші курс студенттері. Бұл жәйт осы жылдың 20 сәуірінде болды. Жәбірленуші полицияға шағымданбаған. Қазіргі уақытта кінәлілерді жауапқа тарту мәселелері қарастырылуда»,-делінген министрлік таратқан мәліметте.

Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Оқиға,
Жоғары қарай