Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Португалияда көзі жоқ бала дүниеге келді - BBC

2019 жылдың 27 қазан 2019 10:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 қазан күні Португалияның Сетубал қаласында мұрны, көзі және бас сүйегінің бір бөлігі жоқ бала дүниеге келді. Акушер Артуро Карвалью немқұрайлық танытқаны үшін қызметінен шеттетілді, деп жазады ВВС.

Автордың айтуынша, бұған дейін де бұл акушерге қатысты кемінде алты шағым түскен.

«Родриго есімді баланың анасы үш рет УДЗ жасатқан, бірақ ұрықтың жағдайы туралы дәрігер ештеңе айтпаған. Жүктілік кезінде әйел 5D-УЗИ жасағанда, оған баланың дамуы дұрыс жүріп жатпағаны хабарланған. Бірақ дәрігер Карвалью ата-анасына алаңдайтын себеп жоқ екенін, кейде УДЗ кезінде баланың беті толық көрінбейтінін айтқан», деп жазады басылым.

Автордың жазуынша, дәрігерлер бала бір аптадан артық өмір сүрмейтінін айтқан, бірақ бала ауруханада жатыр.

«Бұған дейін де Карвалью есімді дәрігерге арыз-шағымдар түскен. Олардың кейбірі он жыл бұрын жасалған. Бір жағдайда 2011 жылы бет пішіні өзгерген және миы зақымданған бала дүниеге келген. Қазір ол бала бес жаста және оған бірнеше операция жасалды», деп жазады басылым.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Медицина, Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай