Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Пошта қызметі жаңа мобильді қосымшамен толықты

2019 жылдың 2 наурыз 2019 20:16

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпоштаның» жаңа онлайн қызметі арқылы ендігі уақытта комиссиясыз төлем жасауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Қазпошта төлем карталарын ұстаушылар үшін post.kz арқылы төлемдерге комиссияны жойдық. Достар, мен пошта бөлімшелеріне келіп, онда кезекке тұрып коммуналдық немесе салық төлемдерін жасауды ұнатпайтын адамдардың пікірін желіде жиі көрем. Онлайн қызмет алып үйренген мобильді азаматтар үшін post.kz порталын іске қосып, дамытып жатқанымызды айтқым келеді», - деп жазды «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов өзінің Фейсбук парақшасында.

Оның айтуынша, ендігі уақытта post.kz арқылы зейнетақы жарналарын, міндетті медициналық сақтандыру жарналарын, әлеуметтік төлемдерді, коммуналдық және басқа да төлемдерді комиссиясыз төлей аласыз.

«Портал қызметтерін пайдаланатын қалған клиенттеріміз енді ұялы байланыс үшін 50 теңге, коммуналдық төлемдер үшін - 100 теңге, зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік төлемдер үшін - 1%, бірақ 100 теңгеден кем емес, комиссия төлейді. Естеріңізге сала кетейін, post.kz порталын немесе оның мобильді қосымшасын пайдалана отырып пошталық және қаржылық қызметтер үшін түрлі төлемдер жасай аласыздар», - дейді ол.

Сонымен қатар, аталған қызмет арқылы жолдаған сәлемдемеңізді қадағалап, оны поштаматқа жіберіп, пошта бөлімшесіне бару уақытын брондап, ақша аударып, хат жіберіп, 6 мың қызмет көрсетушіге (КСК, балабақшалар, көлік және әлеметтік карталар және т.б.) ақы төлеу мүмкіндігі бар.

Мобильді қосымша Android және iOS қолданушылары үшін қолжетімді.

Жоғары қарай