Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Президент аграрларды ауыл тұрмысын жақсартуға атсалысуға шақырды

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 17:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басышсы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрларды ауыл тұрмысын жақсартуға атсалысуға шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет ауылдағы өмір сапасын жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдауда. Бұл істен ауыл шаруашылық кәсіпорындары, әсіресе, ірі кәсіпорындар шет қалмауы керек. Аграрлар ауылдағы өмір сапасының жақсартудың әлеуметтік жауапкершілігін бөлісуі керек. Оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік принципі бойынша да», - деді Қасым-Жосмарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысын аралап жүр. Мемлекет басшысы облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы мен индустриялық нысандарын аралады. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді.


Жоғары қарай