Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауы Telegram-каналын іске қосты

2019 жылдың 14 қазан 2019 12:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауы Telegram-каналын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық қабылдаудың каналы t.me/priemnaya_ap сілтемесі арқылы қолжетімді. Оған «Join» («Қосылу») түймешесін басу арқылы жазыла аласыз. Қазірдің өзінде қоғамдық қабылдау каналына 400-ден астам адам жазылып үлгерген.

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін Аида Балаева атқарады. Жаңа қызметіне кіріскен алғашқы үш аптада ол 100-ден астам адамды жеке қабылдады. Содан кейін өңірлерге де сапарлап, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарымен жүздескен еді.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі құрылған сәттен бері жазбаша және e-gov порталы, Президенттің виртуалды қабылдауы арқылы 4 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Мұнан бөлек, бөлім Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында азаматтарды көшпелі қабылдау ұйыдастырып, оның барысында 350-ден астам азаматтың өтініші қаралған.

Президент әкімшілігінде құрылған фронт-кеңседе де азаматтарды жеке қабылдау күнделікті жүзеге асырылады. Кеңсе құрылған сәттен бері 500-ден астам қабылданды. Дәл осындай фронт-кеңселер еліміздің барлық өңірінде құрылған.

Жоғары қарай