Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына қалай жазылуға болады

2019 жылдың 14 қазан 2019 14:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауы Telegram-каналында қабылдауға жазылу ережесі түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Виртуалды қабылдауға жазылу үшін akorda.kz сайтына кіріп, «Виртуалды қабылдау» бөліміне тіркелу қажет. Тіркелу бойынша қадамдық нұсқаулық жазылу процесін автоматты түрде реттейді. Бірақ, «электронды цирфлық қолтаңба» болуы міндетті.

Ал Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің қабылдауына мына телефондар арқылы жазылуға болады: +7 7172 74 17 96 және +7 7172 74 97 06.

Азаматтарды қабылдау кестесі akorda.kz сайтының «Президент Әкімшілігі – азаматтарды қабылдау» бөлімінде орналастырылған.

Жоғары қарай