Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Президент АӨК субсидиясының жыл сайын өзгеретіндігін сынады

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 16:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты берген тапсырмамды орындаған жоқ. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агроөнеркәсіп кешені экспортының жалпы көлеміндегі қайта өңдеу үлесі нақты айтқанда 33 пайызды құрайды. Шикізатты экспортқа шығарып, дайын өнімді тасып отырмыз. Министрлік шикізатты елдің ішінде қайта өңдеу үшін барлық жағдай жасауы тиіс. Қайта өңдеу мен экспорт тиімді болуы қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы инвестиция мен жаңа агротехикаларды елге әкелу де маңызды мәселе екендігіне назар аудартты.

«Премьер-Министр баян еткендей, Үкіметтің нақты дайындамалары бар. Енді нақты нәтижелерге қол жеткізу қажет. Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөлігінде Үкімет, Қаржы нарығын бақылау агенттігі және Ұлттық банк жұмыс істеп тұрған микроқаржы ұйымдарының базасында қорландырудың тиімді институттарын дамыту, олардың мандаттарын кеңейту бойынша шаралар қабылдауы қажет. Бізде агроөнеркәсіп кешенінің бесжылдық бағдарламасы бар. Онда саланың мақсаты, міндеттер, нақты өндірістік және экономикалық көрсеткіштер жазылған. Үкімет басымдықтарын, жоспарларын айқындап қойған. Қолдау шаралары, яғни, судсидиялар жыл сайын ауысады. Соңғы 5 жылда сомасы 2 трлн теңгеден асып жығылды. Бұған қоса субсидиялар 47 рет өзгерген. Мен Үкіметке мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығын қамтамсыз етуді, олардың тиімділігін арттыруды тапсырдым. Бұл тапсырма әзірше орындалған жоқ. Шешім мен нақты ұсыныстар күтемін», - деді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай