Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Президент «Айка» фильміне қатысты пікір білдірді

2019 жылдың 7 наурыз 2019 18:13 1712

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өткен кездесуде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Айка" фильміне қатысты өз пікірін білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самал Еслямова «Айка» фильмінен кейін Канн фестивалінде үздік әйел рөлі үшін жеңімпаз атанды. Сол арқылы Қазақстанды да кеңінен танытты. Ал, ең бастысы, шетелдегі мигранттардың мәселесін шебер көрсете білді. Құдайға шүкір, Тәуелсіздік алған 27 жылдың ішінде қазақстандықтар басқа мемлекеттер сияқты еш жерде қара жұмыс істеген жоқ. Самал ол адамдардың қиыншылықтарын үлкен талантпен көрсетті. Басқа шығармаларын асыға күтеміз», - деді Н.Назарбаев. 

Айта кетейік, бүгінгі кездесуге Самал Еслямова да қатысты. Ол алдағы жоспарлары туралы айтып, шетелде жүргенде туған жерінің аспанын қатты сағынатынын жеткізді.  Кездесуден кейін әртіс журналистердің «Жұлдыз болған қалай екен?» деген сұрағына жауап берді.  Алдағы уақытта ол түріктің тариxи киносына да түсуге қарсы емес. 

 

 

Жоғары қарай