Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Президент Қазақстанның Үндістан мен Швейцариядағы елшілеріне тапсырмалар берді

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 21:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Үндістан мен Швейцариядағы жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үндістан, Швейцария мемлекеттеріне жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілері Ерлан Әлімбаев пен Әлібек Бақаевты қабылдады.

Мемлекет басшысы Ерлан Әлімбаевқа Үндістанмен арадағы сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынасты нығайтуды, сондай-ақ, туристік бағыттағы байланысты жандандыруды тапсырды. Атап айтқанда, Алтын Орданың 750 жылдығына және басқа да айтулы шараларға басымдық беру керектігін атап айтты.

Ал Әлібек Бақаевқа Швейцариямен осыған дейін қалыптасқан саяси, сауда-экономикалық қатынасты жаңа деңгейге көтеру тапсырылды.


Жоғары қарай