Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Президент Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық бойжеткеннің анасымен сөйлесті

2019 жылдың 27 қазан 2019 19:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде қаза болған қазақстандық студент бойжеткен Томирис Байсафаның анасымен сөйлесті. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында Жанна Ахметова жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына @tokayev_online алғыс айту посты. Президент мырза, менің қайғыма ортақтасқаныңыз үшін рахмет. Мені қабылдағаныңыз үшін, сіздің істі қарап, тексеріп, ақ-қарасын ажыру жөніндегі тапсырмаңыз үшін, адамгершілігіңіз үшін... Ер жігітке лайық сөз бергеніңіз үшін. ҚР Президенті әкімшілігінің үйлесімді жұмысы үшін», - делінген хабарламада.

Жанна Ахметова тергеу ісі қалай жүріп жатқанын айтып өтті.

«Мен қажетті сараптамалардың дайын еместігі жөнінде, куәгерлердің жоғалып кетіп жатқаны, камералар түсірген видеолардың жоғалып жатқаны, айғақ заттардың жоғалып жатқаны, куәгерлердің жауаптары өзгеріп кетіп жатқаны жөнінде барлық сатыға арыз жазып жатырмын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза қол ұшын бергеннен кейін іске ерекше дәреже беріліп, екпін алды. Ол Ресейдің Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасына тапсырылды. Тергеу тобы құрылды, жаңа тергеуші тағайындалды. Іс біздің барлық ескертпелеріміз бен ұсыныстарымызды ескере отырып әділ тергеледі. Бұл тергеу ісі қалай жүріп жатыр дегенге жауап», - деп жазды Жанна Ахметова.

Еске сала кетейік, 13 сәуір күні Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ) Халықаралық экономикалық қатынас факультетінің 4-курсында оқитын Томирис Байсафа оқу корпусының 4-этажынан құлап кеткен болатын. Ол 3 мамыр күні Склифосовски атындағы ғылыми-зерттеу институтында бойжеткен көз жұмды.

Жоғары қарай