Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Президент үшін ішкі мәселелер басымдыққа ие – Дәурен Абаев Жолдау туралы

2019 жылдың 5 қыркүйек 2019 22:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы ауқымды қоғамдық резонанс тудырды. Бұл пікірді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдау сәтті жасалды. Ол жалпы халықтың қызығушылығын оятып, ауқымды қоғамдық резонанс тудырды. Жолдауды сарапшылар, БАҚ, блогерлер талқылап жатыр. Бұл өте маңызды деп есептеймін. Әрине, Жолдаудың мазмұны да шешуші рөл атқарды. Онда қоғам талқысында жүрген ең өзекті мәселелер қамтылды. Мәселен, митингтер туралы заңнаманы жетілдіру, зейнетақы аударымдарын қолдану, зорлық-зомбылық жазасын күшейту тапсырмалары Президенттің халықтың арман-үмітін көріп, естіп отырғанын білдіреді», - деді министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Оның айтуынша, Президент сайлауалды бағдарламасында берген уәделерін орындап келеді.

«Президент білікті дипломат бола тұра, Жолдауында сыртқы саясат мәселелерін қозғамады. Көптеген адамдарды бұл таңқалдырды. Яғни, Президент үшін ішкі мәселелер басымдыққа ие. Әсіресе, азаматтарды толғандырып жүрген баспана, инфрақұрылым, салық, білім беру мәселелері маңызды», - деді Дәурен Абаев.

Жоғары қарай