Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Президенттің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы орыс тіліне аударылды

2020 жылдың 24 ақпан 2020 15:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы орыс тіліне аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мақала «ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының» ресми сайтында жарияланды.

«Президенттің бұл мақаласы қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналып, биылғы 9 қаңтар күні «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланғаны белгілі. Мемлекет басшысы Абайдың рухани мұрасын ой елегінен өткізіп, бүгінгі Қазақстанның даму жолындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындап береді.

Аталған бағдарламалық мақаланың мазмұнын қалың жұртшылыққа толық жеткізу үшін оны орыс тіліне аудару қажет болды. Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан да осындай ұсыныстар түсті. Сондықтан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мамандары мақаланы орыс тіліне аударып, қалың бұқараға ұсынып отыр», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.


Жоғары қарай