Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Президенттің кадр резерві: Ең жас кандидат 24 жаста

2019 жылдың 25 желтоқсан 2019 19:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі Мадина Нұрғалиева Президенттік жастар кадр резерві туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің жастар кадр резерві болашағынан зор үміт күттіретін 300 жас қазақстандықты іріктеп алуға мүмкіндік берді. Қазір әлем бойынша саяси элитаны жаңарту қажеттілігі бар. Осы тұрғыдан алғанда, бұл жоба заман талабына сай», - дейді Мадина Нұрғалиева.

Ол іріктеуден өткен 300 адам үлкен саяси лауазымға ие болуы мүмкін екенін айтты.

«Олар - болашақ министрлер мен оның орынбасарлары, облыс әкімдері, қала әкімдері, комитеттің жауапты хатшылары және басқа да қызметтерге үміткер. Осы жобаға дейін аталған лауазымға ие болғысы келген адам барлық сатыдан өтіп, қырық бес жастан асқан соң ғана басшы бола алатын. Ал бұл жоба жастардың үлкен лауазымда қызмет етіп, қоғамға өзгеріс әкелуіне мүмкіндік береді. Бұл жобаға 35 жасқа дейінгі мамандар қатысса, іріктеуден өткендердің орташа жасы - 31-де. Ең жас кандидат 24 жаста», - дейді ол.


Жоғары қарай