Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Президенттің ұтымды бастамалары сенімділік ұялатты - Бекарыс Шойбеков

2019 жылдың 13 маусым 2019 12:01 2334

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының айтыскер ақыны Бекарыс Шойбеков жаңадан тағайындалған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   

«Тәуелсіз еліміздің жаңа Президенті  өз міндетін атқаруға ресми түрде кіріскенін көзіммен көріп, оның ойға қонымды ойлары мен ұтымды бастамаларын өз аузынан естіп, көңіліп марқайып отырмын. Қазақтың ұлттық бірегейлігін сақтау мен мемлекеттілігін нығайтудың ең негізгі шарты - халық руханиятын жас ұрпақтың бойына сіңіре білу. Қасым-Жомарт Кемелұлының «Рухани жаңғыру» құндылықтарын дәріптеуді одан әрі жалғастыру туралы айтқан ойларын толық қолдаймын»,- дейді Бекарыс Шойбеков.

Ақынның сөзінше, қазақ халқы үшін рухани құндылықтарды бағалау мен қадіріне жету ұлтымыздың  бірлігі және жасампаздығын нығайтады.

 «Рухани жаңғыру құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала береді. Тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым мен білімге деген ұмтылыс - мұның барлығы біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер» деген Президент мұның, бәсекеге қабілетті ел болуға жол ашатынын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанды болашаққа бастайтын  жастар екеніне, сондықтан бұл бағдарламаны жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттауымыз қажеттігіне тоқталды. Меніңше, бұл ең дұрыс бағыт екені анық»,- дейді Бекарыс Шойбеков. 

 

 

 

Жоғары қарай