Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Пришахтинскіде шалғай аймақ тұрғындарына сапалы медқызмет көрсетілетін болады – ҚР Президенті

2019 жылдың 23 тамыз 2019 14:08

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Пришахтинскідегі жаңа емханада облыс орталығынан шалғай ауданда тұратын балалар мен әйелдерге сапалы медициналық көрсетілетін болады. Бұл туралы бүгін Twitter-дегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазды.

«Қарағандыға сапарым барысында «Сарыарқа» АЭА индустриялық және логистикалық нысандарын араладым. Пришахтинскідегі жаңа емханаға бардым. Енді бұл жерде облыс орталығынан шалғай ауданда тұратын балалар мен әйелдерге сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады »,-деп жазды Президент.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барғандығын хабарладық.

Мемлекет басшысы онда «Сарыарқа» АЭА-да бірқатар нысанды аралап көрді.










Жоғары қарай