Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Прокуратура биыл пайдаланылмай жатқан 37 мың жер телімін қайтарған

2019 жылдың 25 желтоқсан 2019 14:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас прокуратурада Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтың төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда 2019 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас Прокурор атап өткендей, елдегі криминогендік жағдай жақсарған. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 17 %-ға азайды. Кісі өлтіру 11%-ға, бұзақылық 28%-ға, есірткі қылмысы 12%-ға қысқарған.

«Біз кез келген заң бұзушылықтарға дер кезінде төтеп беруге тиіспіз. Ең тімдісі, оларға жол бермеу», - деді Бас прокурор.

Ол сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын-алу мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Алқа отырысында қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы тексерулердің нәтижелері туралы айтылды. Прокурорлардың көмегімен 30 мың қызметкердің жалақысы өтелген. Берешектің жалпы сомасы 2 млрд. теңгеден астам.

Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 17 мыңнан астам адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Мемлекет кірісіне 30 млрд теңге өндіріп алынған. 37 мың пайдаланылмайтын жер телімдері кері қайтарылды.

Соттарда 47 млрд теңге сомасында мемлекеттің мүддесі қорғалған.

Бас Прокурор Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі бағыттарына айрықша мән берді. Қылмыстық процесте заңдылықты қамтамасыз етуде және адам құқықтарын сақтауда прокурорлардың үйлестіруші рөліне баса назар аударды.

Ағымдағы жылы прокурорлар 219 адамды негізсіз қудалауды тоқтатты. Қызметтік үй-жайлардан және изоляторлардан 725 заңсыз ұсталған адам босатылған.

Прокурорлардың өтініштері мен наразылықтары бойынша соттар 1172 азаматқа қатысты үкімді қайта қарады. Прокурорлардың бастамасымен 36 адам ақталған.

Қадағалау органының жұмысын қорытындылай келе, Ғизат Нұрдәулетов азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қоғамда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша барлық күш-жігерді жұмсауды тапсырды.

«Прокуратура органдарының қолжетімділігін одан әрі арттыру қажет. Әрбір арыз бойынша жедел әрі тынымсыз жұмыс істеу керек. Жұртшылықпен етене қарым-қатынас- негізгі басымдықтардың бірі. Біз ресми көзқарастан мүлдем арылуымыз қажет»,- деп түйіндеді сөзін Бас Прокурор.

«Алқа отырысының қорытындысы бойынша қадағалау ведомствосының басшысы алдағы жылға арналған басым міндеттерді айқындап, негізгі бағыттарды белгіледі», делінген Бас прокуратураның баспасөз хабарламасында.

Басты сөздер: Заң, ҚР Бас прокуратурасы,
Жоғары қарай