Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Qazavtojol: Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейін 750-ден астам автокөлік жеткізілді

2020 жылдың 3 қаңтар 2020 02:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейін 750-ден астам автокөлік жеткізілді, деп хабарлайды «Qazavtojol» ҰК« АҚ баспасөз қызметі.

«Жол пайдалану учаскелерінің, полиция мен төтенше жағдай қызметкерлері 2 қаңтар күні сағат 11:30-да Щучинскіге қарай автокөліктер колоннасын жеткізді. Ол уақытта төлем қабылдау пунктінде 400-ге жуық жеңіл көлік жиналған. Олардың ағыны түскі үшке дейін азаймай, орта есеппен 2-3 сағат ішінде учаске бойынша 2000-ға жуық көлік жүріп өткен» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, шыдамсыздық танытқан кейбір жүргізушілер ескертулерге құлақ аспай, төлем қабылдау пунктін баламалы жолдар арқылы айланып өтпек болған. Көліктер колоннасына көмек көрсетуге келген полиция қызметкерлерінің қауіпсіз жылдамдықты, қажетті ара қашықтықты сақтау туралы ескертулері де еленбеді. Бір қатармен қозғалған колоннаны басып озбақ болған жүргізушілер бір емес, бірнеше жол көлік апатына себепші болды. Бір бағытта 2, ал кері бағытта 3 жол апаты болып, жалпы есепте 15 көлік соқтығысқан. Жарақат алғандар жоқ.

Ал Щучинск-Нұр-Сұлтан бағытында 400-ге жуық көлік жеткізілді.

Ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты 9 учаскеде барлық автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Сағат 18:00-ден бастап Нұр-Сұлтан-Щучинск учаскесі екі бағытта да жабық. Республикалық маңызы бар автожолдарда тәулік бойы 616 техника жұмыс жасауда. «Қазавтожол» ҰК« АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.


Жоғары қарай