Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Ресей азаматы көмек қолын созған елордалық полицейлерге алғыс айтты

2019 жылдың 2 наурыз 2019 17:41 1033

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық полиция департаментіне Ресей Федерациясының азаматы Д.Ш.Исабаевтан хат түсті. Ол елордалық полиция бастығы Марат Қожаевқа, қиын сәтте қол ұшын берген полиция қызметкерлеріне алғыс білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мен Ресейден келген қонақ ретінде полицейлердің азаматтарға деген қатынасына таңғалдым. Қазақстан Республикасында осындай сәттерге куә болатындығына қуаныштымын», - делінген Д.Ш.Исабаевтың хатында.

Ресейден келген қонақ елордалық полиция басшысына полиция қызметкерлері - аға лейтенант Н. Әбу Асқар, кіші сержант М.Хамзина, қатардағы Р.Атабаевтың әрекеті үшін алғыс айтты.

«2019 жылдың 24 ақпанында көлігімнен түскен кезде есіктерім құлыптанып, кілт іште қалып қойды. Мен не істерімді білмей тұрған кезде көмек беру үшін сіздердің қызметкерлеріңіз келді. Әрқайсысы келіп, ашуға талпынғаннан кейін есігім ашылды», - деп жазды Д.Ш. Исабаев.

Астана полиция департаменті хат авторына алғыс айтты.

 

 

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Ресей,
Жоғары қарай