Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ресей Федерациясының Үкіметі отставкаға кетеді

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 19:59

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Үкіметі толық құрамда отставкаға кетеді. Бұл туралы Министрлер кабинетінің басшысы Дмитрий Медведев мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведев ел Президентінің Конституцияға өзгерістер енгізу туралы жасаған ұсынысы аясында іс басындағы Үкіметтің толық құрамда отставкаға кетуін жөн деп санайды, деп жазады ТАСС.

«Атап өтілгендей, талқылаудан кейін аталмыш өзгерістер қабылданған жағдайда, олар Конституцияның бірқатар баптарына ғана емес, сондай-ақ тұтастай биліктің, атқарушылық биліктің, заңнамалық биліктің, сот билігінің балансына айтарлықтай өзгерістер енгізеді. Бұл контекстте біз Ресей Федерациясының үкіметі ретінде еліміз Президентіне қажетті барлық шараларды қабылдауға мүмкіндік беруіміз қажеттігі түсінікті. Және осы жағдайда, РФ Конституциясының 117-бабына сәйкес Ресей Федерациясының үкіметі бүгінгі құрамында отставкаға кеткені дұрыс деп санаймын», - деді Д.Медведев.

РФ Президенті Владимир Путин ел Конституциясына өзгерістер енгізуді ұсынғанын бұған дейін жазған болатынбыз.


Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Ресей, Әлем,
Жоғары қарай