Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
CNY 54.56

Ресей Қорғаныс министрлігінің әуе күштері 700 мың гектар жердегі өртті сөндірді

2019 жылдың 4 тамыз 2019 18:58

МӘСКЕУ – ТАСС - ҚазАқпарат – Ұшақтар өртке оранған орман алқаптарына 5490 тонна су шашты.

Ресей Қорғаныс министрлігінің ұшақтары мен тікұшақтары Сібірде операцияның басталғалы 690 га алқаптағы өртті сөндірді, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі осы елдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство тартқан мәліметтерге қарағанда, операция басталғалы Қорғаныс саласының әуе күштері өртеніп жатқан орман алқаптарына 5490 литр су шашты. Ресейдің әскери-ғарыш күштерінің авиациясы өртті сөндіру үшін 90 рет ұшып, Ми-8 тікұшақтары 143 рет әуеге көтерілген.

«Қорғаныс министрлігінің әуе күштері 690 гектар жердегі өртті сөндірді»,-делінген министрліктің хабарламасында.

Жексенбі күні Ил-76 ұшақтары 20 рет әуеге көтеріліп, жалындап жатқан алқаптарға 840 тонна су шашқан. Ми-8 ұшақтары болса, 27 рет көкке ұшып, 420 тонны су шашқан. Жексенбіге дейін 170 гектар жанып жатқан орман сөндірілді.

Жоғары қарай